Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,3 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 113 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 27 ақпан сағат 08.22-дегі мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 113 млн 389 мың 116 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 517 мың 062 науқас.

Коронавирус ең көп анықталған 15 мемлекет:

АҚШ - 28 484 429

Үндістан – 11 063 491

Бразилия – 10 455 630

Ресей – 4 175 757

Ұлыбритания –4 175 315

Франция – 3 746 707

Испания – 3 188 553

Италия – 2 888 923

Түркия - 2 683 971

Германия - 2 436 506

Колумбия – 2 244 792

Аргентина – 2 098 728

Мексика – 2 069 370

Польша - 1 684 788

Иран – 1 615 184

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 26 ақпан күні орталық еуропалық уақыт бойынша сағат 15.39-да жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 112 млн 649 мың 371 адамды құрайды. Қайтыс болды – 2 млн 501 мың 229 науқас.

Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет барлығы 202 573 адамнан анықталды. Оның ішінде 185 мың 205-і жазылып шықса, 2540 науқас қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар