Әлемде қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер артып барады – БҰҰ Бас хатшысы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Біз қазір қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде әлем елдерінде қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер артып барады. Астана халықаралық форумының қатысушыларына бейнеүндеу жолдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гуттереш осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір қиын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде қақтығыстар мен геосаяси шиеленістер артып барады. Климаттық дағдарыс процесі үдей түсті. Бұл ретте тұрақты даму мақсаттары жаһанда бейбітшілік пен әл-ауқатты ұстап тұру жоспарына айналды. Бірақ бұл бағыттағы істер жақын арада іске аса қоймайды. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді жұмылдырып, бірлесе жұмыс істеу арқасында ғана аталған мәселелерді шеше аламыз. Бүгінгі таңда біздің ұжымдық іс-әрекеттеріміз болып жатқан өзгреіс қарқынына сәйкес келмейді», - деді Антонио Гуттереш

Оның айтуынша, тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша БҰҰ тарапынан шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Біздің жалпы күн тәртібімізде бастамалар ілгерілету мен жетілдіруді талап етеді. Бүгінде әлем елдерінің басшылары тұрақты даму істеуі қажет. Осы орайда Астана халықаралық форумы аталған проблемаларды талқылауға, оларды тиімді шешуге ықпал етеді», - деп сөзін түйіндеді Антонио Гуттереш.


Соңғы жаңалықтар