Әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейді, Үкімет пен әкімдер осыған баса назар аударуға тиіс - Тоқаев

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Макңғыстау жұртшылығымен кездесуде Ақтау теңіз портының мүмкіндіктерін сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы мол мүмкіндік туғызып отыр. Бұл аймақ – инвестиция тарту, өнім өндіру, салық төлеу көрсеткіштері бойынша республикада ең үздік үш аймақтың бірі. Бұған дейін мен арнайы экономикалық аймақтарда бос жатқан жер телімдерін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді тапсырдым. Осы жұмысты жандандырамыз. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартуы қажет деп есептеймін. Қазақстан шетелдік әріптестермен инвестициялық ынтымақтастықты дамытып келе жатыр. Соның бірі – «Жасыл» сутегін өндіру және тарату орталығын» салу жобасы», - деп атап өтті Президент.

Оның айтуынша, ө ткен аптада Еуропа кеңесінің Президенті Шарль Мишель біздің елге ресми сапармен келген.

Сол кезде Қазақстан мен «Неміс-Швед» компаниясы арасында инвестиция туралы тиісті келісімге қол қойылды.

Инвестор Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

«Сондай-ақ, күніне 255 мың текшеметр су тұшытатын зауыт, 40 гигаватт жаңғыртылатын қуат көздері стансасын салу жоспарда тұр. Осы жоба жүзеге асырылса, құрылыс кезінде 3500, ал нысан іске қосылған кезде 1800 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туады. Өз мамандарымызды оқытып, даярлаймыз. Тиісті инфрақұрылым салынады. Инвестор өзіне жүктелген әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Аймақтың дамуына кешенді әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізетін осындай жобалар көп болуы керек. Қазір бүкіл әлемде инвестиция үшін бәсеке күшейді. Біздің еліміз өз әлеуетін толық пайдаланып, инвестициялық ахуалды жақсартуға мықтап кірісуі керек. Тағы да қайталап айтамын: Үкімет пен әкімдер бірлесіп, бұл мәселеге баса назар аударуға тиіс», - дейді Мемлекет басшысы.



Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар