Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны 200 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сілтеме жасап.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) д ерегіне сай , әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны – 199,46 миллион.

Коронавирус жұқтыру жағдайлары бойынша АҚШ бірінші орында – мұнда 35,33 миллион адам вирус жұқтырған. Үндістан екінші орында – мұндағы індетке шалдыққандар саны – 31,81 миллион. Үшінші орында – Бразилия, бұл елде 20 миллион тұрғын коронавирус жұқтырған. 6 миллион коронавирусқа шалдығу жағдайы анықталған Ресей төртінші орында.

Әлем бойынша вирус жұқтырған 4,25 миллион адам қайтыс болды. Өлім саны бойынша да АҚШ бірінші орында, мұнда 614 000-нан астам адам көз жұмған. Екінші орындағы Бразилияда 559 000-нан астам адам қайтыс болған, ал үшінші орында Үндістан – мұнда коронавирустан көз жұмғандар саны 426 000-нан асады.


Соңғы жаңалықтар