Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 2,2 млн адамға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2, 2 млн адамға жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

17 сәуір, сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 182 197 болды. Қайтыс болды 145 521 адам, жазылып шықты 547 295-і.

Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 677 570 адам шалдықты, қайтыс болды – 34 617, жазылды – 57 508 адам. Екінші орында Испания (науқастар – 184948, көз жұмғандар - 19 315, емделіп шықты – 74 797), үшінші орында Италия (168941 / 22170 / 40164) тұр.

Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:

Франция: 165027 / 17920 / 32812

Германия: 137698 / 4052 / 77000

Ұлыбритания: 103093 / 13729 / 323

Қытай: 82367 / 3342 / 77944

Иран: 77995 / 4869 / 52229

Түркия: 74193 / 1643 / 7089

Бельгия: 34809 / 4857 / 7562

ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда 27 938 адам инфекция жұқтырды. Қайтыс болғандар - 232, жазылғандар – 2304.

Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:

Беларусь: 4204 / 40 / 203

Украина: 4161 / 116 / 186

Молдавия: 2154 / 54 / 235

Қазақстан: 1402 / 17 / 277

Өзбекстан: 1349 / 4 / 129

Әзербайжан: 1283 / 15 / 460

Армения: 1159 / 18 / 358

Қырғызстан: 466 / 5 / 91

Грузия: 348 / 3 / 76


Соңғы жаңалықтар