00:15, 28 Маусым 2022 | GMT +6
Әлемде бір тәулікте 167 мың адам коронавирус жұқтырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 27 маусымында әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 549 млн жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 167 424 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан 6 351 017 адам көз жұмды. Сонымен қатар бір күнде 321 өлім тіркелді. Вирустың толық емделуінің расталған жағдайлары бүгін, яғни 27 маусым 2022 жылы әлем бойынша 524 120 020 адам.