Әлемде бір тәулік ішінде 3621 адам коронавирустан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінiше , соңғы бір тәулік ішінде әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл көрсеткіш тәулік ішінде 74205 адамға көбейген.

Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен көз жұмғандар саны 3621 адамға өсті.

Бұл дерттен сауығып кеткендер саны - 145586. Дертінен айыққандар саны соңғы бір тәулікте 10868-ге өсті.


Соңғы жаңалықтар