Әлемде білім ордаларын таңдап дамыту белең алып барады - UNESCO сарапшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев Университетінде өтіп жатқан халықаралық конференцияда UNESCO сарапшысы әлемнің кейбір елдерінде нақты бір университетке ғана басымдық беру белең алып бара жатқанын мәселе ретінде көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гонконг университетінің магистратуралық бағдарламалар үйлестірушісі Анатолий Олексиенко заманауи білім беру жүйесін арнайы инфрақұрылымсыз елестету мүмкін емес екенін атады. Оның пікірінше, заманауи инфрақұрылым жалпыға қолжетімді болғанда ғана қоғам дамуы тиімді бағытта жүзеге аспақ.

«Ғылым интеграциясына кейін қосылып жатқан кейбір мемлекеттер білім беру инновацияларын белгілі бір университеттерге ғана енгізумен әуестеніп кетті. Инновация шекарамен шектелмеуі керек. Мұндай үрдіс әлем қауымдастығын қатты алаңдататды» - деді Анатолий Олексиенко.

UNESCO сарапшысы үздіксіз білім берудің әлемдегі озық тәжірибелерін трансформациялауда Қазақстан тәжірибесі сәтті деп есептейтінін жеткізді.

«Бұл тұрғыда - Қазақстан жасап жатқан эксперимент өте дұрыс. Үздік білім ошағының тәжірибесін уақытпен сынап, кейін жаппай тарату арқылы Қазақстан білім жүйесін заман ағымына сәтті сәйкестендіріп жатыр. Топ-таланттар шақыру арқылы жалпы жүйені жетілдіруге болады. Осындай сәтті тәжірибе ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бағытталған «Болашақтың университеті» жобасын айтуға болады» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар