Әлемде әйелдер саны азайып барады - Le Figaro

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Француздық Le Figaro басылымының жазуына қарағанда, әлемде әйелдердің саны азайып барады.

«PNAS журналында жарияланған халықаралық зерттеу нәтижесіне сенсек, Сингапур университеті мен АҚШ ғалымдары 1970 жылдан бері әлемге 23,1 млн әйел жетіспейтінін анықтады. Ғалымдар әлем бойынша ерлер мен әйелдердің дүниеге келу көрсеткішін зерттеп, әйелдердің саны азайғанын хабарлады», деп жазады Le Figaro басылымы.

Автордың айтуынша, әсіресе Қытай мен Үндістанда 1970-2017 жылдар аралығында әйелдердің дүниеге келу көрсеткіші азайған.

«Бұл мемлекеттер әлемдегі ең халқы көп мемлекеттерге жататындықтан, бұл жағдай әлем бойынша демографиялық дисбаланстың тууына әкелген. Зерттеу авторларының айтуынша, аборт пен ультадыбыстық зерттеулер де бұл жағдайға әсер еткенін айтқан. 1970 жылдан бастап баланың жынысын ерте анықтауға болатын технологиялардың дамуы демографиялық жағдайға кері әсерін тигізген, себебі қыз балаларды алдырып тастау көрсеткіші артқан», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар