Әлемде әрбір 24 секунд сайын бір адам жол апатынан қаза болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл сайын жол-көлік оқиғасы (ЖКО) салдарынан әлемде 1,3 миллион адам мерт болады, яғни әр 24 секундта бір адам қаза табуда. Миллиондаған адам жарақат алады немесе мүгедек болады. Бұл мәселе БҰҰ Бас ассамблеясының жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған отырысында талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы – дөңгелегі бар тыныш эпидемия сияқты. Бұл кездесу – нақты шаралар қабылдауға және прогресске жету үшін өте маңызды мүмкіндік», – деді БҰҰ Бас хатшысы.

Бүгін БҰҰ басшысы атап өткендей, жол-көлік оқиғасы әлемдегі 5-29 жас аралығындағы жастардың өлімінің ең көп таралған себебі. 10 құрбанның тоғызы орташа және табысы төмен елдерге тиесілі.

Бас хатшы Антониу Гутерриш жолдағы өлім-жітім инфрақұрылымның нашарлығына, дамымаған урбанизацияға, денсаулық сақтау жүйесінің әлсіздігіне және ел ішіндегі және мемлекеттер арасындағы теңсіздікке байланысты екенін атап өтті.

«Жол-көлік оқиғалары жанұяларды асыраушысынан, табыс көзінен айырып, ұзақ уақыт медициналық көмекке мұқтаж етуі мүмкін», - деді БҰҰ басшыы.

Гутерриш мемлекеттерді жолдарын жақсартуға шақырып, тегіс жолдардың тұрақты дамуға апаратынын атап өтті.






Соңғы жаңалықтар