Әлемде алғашқы Түркі-Ислам әлемі инженерлік-сәулетшілік және қала құрылысы олимпиадасы Түркияда өтеді

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - 2002 жылдан бастап Түркия Инженерлері және Сәулетшілер Одағы, әртүрі тақырыпта Түркі-Ислам әлемінің инженерлік, сәулетшілік  және қала құрылысы тақырыбында халықаралық кездесулер мен құрылтайлар өткізуде.

2010 жылы Қазақстанның Астана қаласында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүлдің қатысуымен Түркі Дүниесі  инженерлік, сәулетшілік  және қала құрылысы құрылтайы болып өтті. Құрылтайдың қорытынды Декларациясында екі ел басшыларының пәрменімен Түркі Дүниесі  инженерлер және сәулетшілер одағын құру туралы шешім қабылданды. 2011 жылдың 1 тамызынан бастап бұл шешім күшіне еніп, оның атауы Түркия инженерлер және сәулетшілер Одағы, Түркі дүниесі  инженерлер және сәулетшілер одағы болып өзгертілді.

 Екі жылда бір өткізілетін Түркі Дүниесі  инженерлер және сәулетшілер одағының құрылтайы мен қоса, әр алты айда  халықаралық Қашқардан Ендулуске, Түркі-Ислам қалалары, қала Шехренгізі атты кездесулер ұйымдастырылуда. 2010 жылғы Астана Құрылтайы мен 2011 жылғы Гази Карс Шехренгизі құрылтайының қорытынды декларациясында 2012 жылдың 15-18 қазан айында Трабзон қаласында өтетін Түркі Дүниесі сәулетшілер және қала құрылысы құрылтайы, «Түркі-Ислам әлемінің инженерлік, сәулетшілік  және қала құрылысы жоба Олимпиадасының» ынтымақтастығымыздың 10 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Олимпиаданың мақсаты, инженерлік, сәулетшілік  және қала құрылысы саласындағы мамандықты дамыту, жеке тұлға, қоршаған орта мен адамзатқа құрмет көрсететін қалаларды қалыптастыру. Әртүрлі себептерге байланысты жойылуға жақын қалған белгілі сәулетшілік қол өнерлерінің тарихи құндылықтарын сақтап қалу.

Түркі Дүниесі  инженерлер және сәулетшілер одағы өкілдік ететін 28 мемлекеттің қатысуымен, әлем халықтары көзқарасының өткені мен қазіргі таңдағы Түркі-Ислам әлеміндегі бірлестік, ортақ мәдениетке байланысты сәулетшілер мен қала құрылысы жобасын көрсету мақсатында 2012 жылы Түкі-Ислам әлемінің инженерлік, сәулетшілік  және қала құрылысы жоба Олимпиадасыөткізіледі.

Құрылтай Түркия Республикасының Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігінің бастамасымен, Трабзон қаласы әкімшілігімен бірлесе отырып, Қаратеңіз техникалық университетінде, Халықаралық ТҮРКІСОЙ  ұйымының бас ғимаратында  өткізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар