Әлемде 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар – ЮНИСЕФ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде 5 жасқа дейінгі әр үшінші бала тойып тамақ ішпейді. Алты ай мен екі жас аралығындағы балалардың үштен екісі қажетті нәрлі тағамдарды жемейді, деп хабарлайды UNICEF.

БҰҰ Балалар қорының мәліметтеріне сенсек, дұрыс тамақтанбау салдарынан әлеме 150 миллион баланың дамуында кешеуіл бар, ал 50 миллион бала артық салмаққа шалдыққан.

Сонымен қатар мамандар мектеп жасындағы балалардың жартылай фабрикат пен фастфудты көп тұтынатынын атап өткен. Соның кесірінен 5 пен 19 жас аралығындағы әр бесінші балада артық салмақ байқалған. Бұл проблемаларды шешу үшін ЮНИСЕФ балаларға арналған тамақ өнімдерінің жарнамасын азайтуды қолға алу керектігін айтты.

«Әлемде технологиялық, мәдени және әлеуметтік прогресс бар, соған қарамастан балалардың өмір сүру сапасы әлі де көңіл көншітпейді. Миллиондаған бала басқа таңдауы болмағандықтан пайдасыз рационды тұтынуға мәжбүр», - дейді ЮНИСЕФ басшысы Генриетта Фор.

Соңғы жаңалықтар