Әлемде 11 адамда кездесетін сырқаты бар балаға «Қазақстан халқына» қоры көмектеседі

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқына» қорынан сирек кездесетін ауруға шалдыққан маңғыстаулық 14 баланың еміне қаржы қарастырылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысында 1 бала дүниежүзі бойынша 11 адамда ғана кездесетін гомоцистинурия ауруына шалдыққан. Баланың сырқаты биыл анықталып отыр. Енді оның мәселесі шешілетін болды. Дәрі-дәрмегіне 20-25 млн теңгеден астам қаражат керек», - деді Маңғыстау облысы бойынша орфондық аурулар жөніндегі штаттан тыс координатор Әлия Ешімова.

Қазақстанда 27 мың бала орфандық ауруға шалдықса, оның 304-і Маңғыстау өңірінде тұрады. Олардың ем-домы үшін «Қазақстан халқына» қорынан 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.


Соңғы жаңалықтар