11:27 Борис Джонсон депутаттық өкілетін тапсырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбритания парламенті Қауымдар палатасының депутаты өкілетін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
кеше 22:06 Өзбекстан 2030 жылға қарай АИТВ таралуына толығымен тосқауыл қоймақ ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан 2030 жылға қарай АИТВ/ЖИТС таралуын толық жоймақшы. Бұл туралы баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен ЖИТС-пен күрес жөніндегі республикалық орталықтың басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
кеше 16:44 Джастин Трюдо бүкіл Канадаға жайылған орман өртін климат кризисімен байланыстырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүкіл Канадаға таралған өрттен 20 мыңнан астам адам үйін тастап, қоныс аударуға мәжбүр болды. АҚШ-тың батыс жағалауында соңғы жылдағы ең нашар ауа сапасы байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтемемен.
кеше 15:16 Дональд Трампқа жаңа айып тағылды АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп федералды биліктің өзіне құпия құжаттарды дұрыс пайдаланбағаны үшін айып тағып отырғанын мәлімдеді. Ол өзінің кінәсіздігін алға тартып, қазіргі президентті саяси себептермен қудалады деп айыптайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
кеше 08:29 Оңтүстік Африкада 31 адам тырысқақтан қайтыс болды АНКАРА. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкада ақпан айында басталған індеттен қайтыс болғандар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
08.06.2023 22:14 Италия жағалауында заңсыз мигранттар күрт көбейді БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Италияның жағалау күзеті апта басталғалы Ион теңізінде апатқа ұшыраған қайықтардағы мыңдаған мигрант пен босқынды аман алып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 20:08 Франциядағы саябақта пышақ жарақатынан алты адам зардап шекті АНСИ. ҚазАқпарат – Францияның шығысындағы Анси қаласында болған шабуыл салдарынан алты адам, оның ішінде төрт бала пышақ жарақатын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
08.06.2023 16:50 Босния мен Герцеговина төрағасы дипломатиялық қатынастар тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желка Цвиянович әлемдегі геосаяси жағдай туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 15:51 Майк Пенс АҚШ президенттігіне үміткер болатынын жариялады ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенс сәрсенбіде АҚШ президенттігіне үміткер екенін және өзінің бұрынғы бастығы Дональд Трампқа қарсы тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABS News-ке сілтеме жасап.
08.06.2023 15:24 Нью-Йорк әлемде ауа сапасы ең нашар қала атанды ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Нью-Йорк Канаданың орман өртінен түтін жиналуына байланысты әлемдегі ең нашар ауа сапасы бойынша ірі қалалар арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBS News-ке сілтеме жасап.
08.06.2023 12:02 Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының негізгі миссиясын атады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының форумының негізгі миссиясын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 12:00 Мемлекет басшысы: Әлем қайтадан блок-блокқа бөлініп, жіктеле бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір әлемде болып жатқан дағдарыстардың тамыры өткен күндерде жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының жалпы отырысында осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 10:48 Канадада орман өрті күшейді КВЕБЕК. ҚазАқпарат - Қанададағы орман өртінің саны мен қарқындылығы барлық рекордтарды жаңартып отыр. Елдің премьер-министр Джастин Трюдоның мәлімдеуінше, қазір Канадада 414 орман өрті орын алған, олардың 239-ы бақылаудан шығып кетті. 20 мыңнан астам адам өз үйлерінен эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
08.06.2023 08:29 Гавайиде Килауэа жанартауы қайта атқылады АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) HAWAIIAN VOLCANO OBSERVATORY VOLCANO OBSERVATORY NOTICE FOR AVIATION Wednesday, June 7, 2023, 14:47 UTC | USGS Hazard Notification System (HANS) for Volcanoes хабарлауынша, Гавайиде үш айлық үзілістен кейін Килауэа жанартауының атқылауы қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.06.2023 00:20 Иран Сауд Арабиясынан өз елшілігін ашты АММАН. ҚазАқпарат – Иран сейсенбі күні Сауд Арабиясында өз елшілігін ашты. Бұл осы жылдың наурыз айында екі мемлекеттің қатынастарын қалпына келтіру және дипломатиялық миссияларды өзара қайта бастау туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін болып отырған оқиға, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі AlArabiya-ға сілтемемен.
07.06.2023 23:30 Гаитиде су тасқынынан кейін жер сілкінді: қаза тапқандар бар ПОРТ-О-ПРЕНС. ҚазАқпарат – Гаитиде Жереми қаласында жер сілкінісінен үш адам қаза тапты. Бірнеше күн бұрын су тасқынынан 42 адам мерт болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтемемен.
07.06.2023 21:52 Рим папасына ота жасалады РИМ. ҚазАқпарат – Папа Франциск Рим ауруханасына жатқызылды, оған ота жасалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA-ға сілтемемен.
07.06.2023 20:25 Аустралияның оңтүстігінде 65 мың найзағай ойнап, аспанды жап-жарық етті АДЕЛАИДА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Аустралияда қатты дауылдан 10 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Метеорология бюросынан мәлім еткендей, 24 сағатта 65 мың найзағай жарқылы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтемемен.
07.06.2023 19:18 Хайнаньда нөсер жауынға байланысты ең жоғары қауіп деңгейі жарияланды БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде Хайнань провинциясының (Оңтүстік Қытай) Санья курорттық қаласында аралдағы нөсер жауынға байланысты қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
07.06.2023 09:45 АҚШ-та мектеп бітіру салтанатында болған атыстан екі адам қаза тапты АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың шығысындағы Ричмонд қаласында Вирджиния университетінің кампусында болған атыстан екі адам қаза тапты, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СNN-ге сілтеме жасап.