Әлем жұртшылығы Президент Н. Назарбаевты әйгілі реформатор, ұлт лидері деп таниды - Қ. Тоқаев

None
None
анның 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Әлем жұртшылығы Президент Н. Назарбаевты әйгілі реформатор, ұлт лидері  деп таниды.  Бүгін елордада «Қазақ елі» монументінің ашылу салтанаты барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ халқы талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті. Алайда, еркіндікті аңсаған қайсар рухымыз, қайрат-жігеріміз бізді әрдайым алға жетеледі. Ұлтымыздың ұлы жеңістері ешқашан оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік жолына түскен сын сағаттарда Президент Н. Назарбаев нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады, дербес, егемен Қазақстан мемлекетінің негізін қалады. Президентіміз елінің үмітін ақтауға аянбай орасан еңбек сіңірді. Халқының әл-ауқатын арттыруды өмірінің басты қағидасы ретінде таңдап алды. Елбасымыз алған бағытынан таймай, мемлекет тізгінін нық сеніммен ұстап келеді. Сондықтан да, әлем жұртшылығы Президент Н. Назарбаевты әйгілі реформатор, ұлт лидері  деп таниды», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен бірге,          Сенат Төрағасы Қазақстанның қол жеткізген барша табыстары Елбасының есімімен тығыз байланысты екендігін айтып, халқымыздың мемлекеттік мәртебе алған ана тілі, ұлттық салт-дәстүрі, бай мәдени мұрасы қайта жаңғырғанын, барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен достығына, береке-бірлігіне ұйытқы болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев, Президенттің бастауымен қысқа мерзімде Отанымыздың шаңырағы биіктегеніне, ел іргесі нығайғанына тоқталды. «Ұлттық мүддемізді қорғап, рухани байлығымызды молайттық. Бәсекеге қабілетті экономикамызды құрып, ғаламдық өркениеттің ажырамас бөлшегіне айналдық. Мәртебесі биік, абыройлы мемлекет болдық. Байыпты сыртқы саясатымыз арқасында қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қол жеткіздік. Барлық көрші елдермен арадағы мемлекеттік шекарамызды анықтап бекіттік. Халықаралық қоғамдастықта Қазақстанды адамзат тарихында бірінші болып ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан ел, дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікке айтулы үлес қосқан мемлекет деп құрметтейді. Халықтар достығын, діндер татулығын және рухани келісімді сақтауға бағытталған ізгі бастамалар жоғары бағаланады. Келесі жылы Қазақстан ТМД мемлекеттері, Орталық Азия және бүкіл Түркітілдес мемлекеттердің арасында Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына Төрағалық ететін тұңғыш мемлекет болмақ. Әлемдік мұсылман қауымдастығының беделді мүшесі ретінде біздің еліміз 2011 жылы Ислам Конференциясы ұйымына Төраға болып сайланды.Бұл да - Елбасы стратегиясының дүниежүзілік қоғамдастық тарапынан кең қолдауға ие болғанын паш етеді», деді Сенат Төрағасы Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар