Әлем кубогында 4 қарағандылық каратеші жүлде алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық спортшылар Мәскеуде өткен киокушинкай каратеден өткен Әлем кубогында төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Қарағанды облысынан «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Думан Балтабай алтын медальді жеңіп алды, Регина Мешковаға «күміс» бұйырды, Алекандр Трошкин мен Карина Сұлтановағы қола медалдар табыс етілді.

Турнирге әлемнің 44 елінен келген мықты спортшылар қатысты. Трибунадағы жекпе-жектерді бес мыңға жуық көрермен тамашалады. Жарыс онлайн режимінде көрсетілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне Жапонияның атақты каратэ шеберлері, атап айтқанда халықаралық ұйымның Бас директоры Шихан Ясухиро Сичинохе, Учи - Деси Сосая Масутацу Ояма - Шихан Сигера Табата және ұйымның директоры Йошиказу Кои қатысты.

Айта кетсек, International Karate Organization «Kyokushin kaikan Union» әлем кубогы қатарынан алтыншы рет өтуде. 2011 жылы бұл турнир Қазақстанда өтті.

Соңғы жаңалықтар