Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін су добынан ерлер арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Жаңа Зеландиямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем кубогында қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Иран және Жаңа Зеландия.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық су добының шеберлері жинақы қимыл көрсетуге тырысты. Ойын барысында екі құрама тартысты ойын өткізді.

Нәтижесінде ел құрамасы қарсыласынан 10:9 есебімен басым түсті.

Енді ел құрамасы бүгін, 5 мамырда Румыниямен шеберлік байқасады. Олар Иранды 15:4 есебімен тізе бүктірді.

Ал 6 мамырда Иранмен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, су добынан әйелдер құрамасы әлем кубогы финалдық сатысына шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар