Әлем кубогы-2023: Қазақстандық боксшылар 9 медаль жеңіп алды

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы бокстан 2023 жылғы Әлем кубогында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.


Бұл турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы 9 медаль жеңіп алды – бір алтын, екі күміс және алты қола. Қазақстан атынан жалғыз Дәулет Төлемісов (80 кг) чемпион атанды. Әлихан Нұрзақ (75 кг) пен Ерсұлтан Сапар (+92 кг) күміс медаль еншілесе, Аманат Нұрлыбек (48 кг), Ислам Мәшкентаев (51 кг), Нұрбек Мұрсал (67 кг), Ислам Советов (71 кг), Дихан Шайқыбеков (75 кг) пен Нұржан Думан (92 кг) турнирді «қоламен» қорытындылады. Жалпы жастар арасындағы Әлем кубогы-2023 жарысына әуелде Қазақстан командасынан 12 спортшы қатысқан болатын, олардың үшеуі медальға жетпей сүрінді. Олар: Жансері Көшербаев (54 кг), Өнер Сейілхан (67 кг) және Санжар-Әли Бегәлиев (71 кг).


Соңғы жаңалықтар