Әлем қоғамдастығы Ауғанстанға көмек көрсету керек – ҚР СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем қоғамдастығы Ауғанстанға көмек көрсету керек. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айтарлықтай алаңдаушылық тудырып отырған тағы бір маңызды мәселе – бұл Ауғанстандағы ахуал. Әлем қоғамдастығы осынау көп қайғы-қасірет шеккен елге сыни сәтте көмек көрсетуі тиіс. Ауған дағдарысы Азия елдері арасындағы сенім шаралары мен ұжымдық жауапкершілік негіздерін нығайту маңыздылығын көрсетіп берді», - деді Ақан Рахметуллин.

Оның пайымынша, сенім мен ынтымақтастықты нығайтпай қауіпсіздіктің жаһандық және өңірлік сын-тегеуіріндерін шешуде шынайы прогресске қол жеткізу өте қиын.

«Осыған орай Қазақстанның АӨІСШК-ге төрағалығының басымдықтарына сәйкес біз АӨІСШК кеңістігіндегі қауіпсіздікті, бейбітшілікті, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыуды одан ары нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз»-, деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар