Әлем католиктері Қазақстандағы қандай жерлерге зиярат етеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Дін істері комитетінің төрағасы Солтүстік Қазақстандағы Рим-католик шіркеуіне барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Солтүстік Қазақстан облысының Озерный аулындағы Рим-католик шіркеуіне барып қайтты.

Махаллаға сапар Әлем патшайымы мерекесі қарсаңында Астанадағы Қасиетті Мария Рим-католик Архидиоцезасының Архиепископы Томаш Пэтаның шақыруымен жүзеге асты.

Комитет төрағасын жергілікті мекенмен ә. Павел Блок, ә. Войчех Матушевский - «Әлем патшайымы» Рим-католик шіркеуінің бастығы және Қасенова Рауза Ивановна - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ-нің Дін істері бөлімінің бастығы таныстырды.

Іссапар барысында тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге шетелде де белгілі махалланың Қасиетті орындарына экскурсия өткізілді.

Қазақстан Республикасының территориясында Рим-католик шіркеуінің ұзақ тарихы бар. Бүгінде елде 180 мыңнан астам католик дініне сенушілер тұрады. Қазақстандағы католиктер негізінен Ресейден және КСРО кезінен қуылған поляктардың, литвалықтардың, белорустардың, украиндердің және Целинаның дамуы кезіндегі кеңестік республикалардың иммигранттарының ұрпақтары.

Католик шіркеуінің Озерный ауылына деген ерекше назары оның аумағындағы католиктер терең құрметтейтін діни орындардың болуымен түсіндіріледі.

Сонымен, ауылда Польшада Рим папасы Иоанн Павел II қасиетті етіп орнатқан, Құдай ананың балықтармен мүсіні тұрғызылды; Ауылдан 17 шақырымдық жерде Волынский шоқысында Қазақстандағы барлық репрессия құрбандарына ескерткіш ретінде биіктігі 12 метрлік крест орнатылған; Озерный ауылының «Әлем патшайымы» католик шіркеуінде «Қазақстан Жұлдызы» құрбандық ошағы құрылды. 2014 жылдың 2 шілдесінде кардинал, «CorUnum» Папалық кеңесінің төрағасы Роберт Сараның бастауымен салтанатты түрде ашылуы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Озерный ауылының тарихы 1936 жылда Украинадан жер аударылған поляктардың келуінен бастау алады.

1941 жылы ашаршылық уақытында , көпшіліктің күшейтілген дұғасынан кейін ауылда балыққа толы көл пайда болды, бұл адамдарды аштықтан құтқарып қалды. Бұл оқиға 1941 жылдың 25 наурызынан бастап «Жақсы жаңалық» - Ұлы мереке ретінде тойланып, ғажайып ретінде қаралды.

1997 жылдың 24 маусымында 1941 жылғы ашаршылықтан құтқарылғандарды еске алу мақсатында көлде Құдай ана мен балықтың мүсіні тұрғызылды.

Орнатылған «Қазақстан Жұлдызы» мехрабы - әлемдегі 12 орталықтың құрылысына демеушілік ететін Communita Regina Pace қоғамы жүзеге асыратын жобаның бөлігі. «Иерусалим Триптих» деп аталатын әлемдегі алғашқы осындай құрбандық орны Иерусалимде, екіншісі осы ауылда тұрғызылды. Ол жергілікті маңызы бар қасиетті нысандар тізіміне енді.

Салмағы 600 келі «Қазақстан жұлдызы» мехрабы Қазақстанның рәміздері мен ұлттық ою-өрнектерін ескере отырып, түрлі бағалы металдардан (алтын, күміс және титан) және асыл тастардан жасалған.

«Бейбітшілік Патшайымы» ғибадатханасы - бүкіл Қазақстан үшін Бейкүнә Марияның орналасқан қасиетті орны. Мұнда дүние жүзіндегі діндарлар, соның ішінде Ресей, Польша, Германия және басқа мемлекеттерден қажылық жасалады.

Сонымен қатар, Озерныйда жыл сайын елдің әртүрлі аймақтарынан және шет елдерден келген католик жастардың слеті өтеді.

Озерный ауылында Ватикан өкілдері жыл сайын келетін Рим-католиктік бенедиктиндер мен кармелиттер ордендерінің ғибатханалары орналасқан.






Соңғы жаңалықтар