«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жариялануы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл­әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды - М.Жетеров

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - АҚШ астанасы Вашингтонда болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші, яғни қорытынды саммитте Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жариялануы Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл­әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды.

Бұл туралы Ақмола облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Жетеров пікірін білдірді.

Оның айтуынша, қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы барлық қазақстандықтар үшін тарихи акт болса, он қаруын сайлап, әлемге қаһарын шашып отырған алпауыт мемлекеттерді адамзат алдында ойландыратын тарихи маңызы зор бастама болып отыр.

«Еліміз ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, жаһандық антиядролық қозғалыстың көш басына шықты. Семейде ядролық сынақтың жабылуы осыған айқын дәлел. Бүкіл адамзат баласына төніп отырған қауіптен Қазақстан алғашқы болып бас тартып қоймай осыдан 15 жыл бұрын еліміз аймақтағы көршіле­ріміз­бен бірге Орталық Азияда яд­ро­лық қарудан азат аймақ құру ту­ралы шартқа қол қойған болатын. Бүгіндері Қазақстан Республикасы бұл жағынан алғанда тәжірибесі мол. Зымырандық-ядролық арсеналды айтпай-ақ, бейбіт өмірде атомды қолданудың өзі қауіпті. Чернобыль апаты соған сабақ. Адамзат тарихында жазылмас жара қалдырған осы оқиғаға биыл 30 жыл толып отыр. Мұндағы апатың зардаптарын жоюға Ақмола өңірінен 2500 адам қатысса, осы күні оның 500 қалған. Сондықтан Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің жариялануы Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл­әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды», - дейді М.Жетеров.

Соңғы жаңалықтар