«Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді - Еңбек Ері Есілбай Қадыралин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде биік мінберден Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді.

Көкшетауда тұратын Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадыралин осылай деп пікірін білдірді.

Ардагердің айтуынша, Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесін бүкіл әлем қолдап әкетіп, кейін осы құжаттың негізінде шиеленіскен мәселелерді шешу үшін іс жүзінде жүзеге асырылатын бағдарлама жасау қажет.

«Елбасының «Әлем.ХХІ хасыр» сияқты бағдарламалық құжатты жаһан талқысына ұсынып қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарын көрсету - бұл тәуелсіз қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көріну бағытындағы зор қадамы болып табылады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында мұндай қадам жасау еліміздің саяси аренада беделін арттыратыны сөзсіз. Оған форум мінберіне көтерілген мемлекет басшылары мен сарапшылардың барлығы дерлік Нұрсұлтан Әбішұлына қолдау пікір білдіргені айқын дәлел.

Қазақстан - алапат қарудан бас тартып, тәуелсіздігін ту етіп, бейбітшілік жолында келе жатқан мемлекет. Өзгелерден де соны қалайды.

Сондықтан, Мемлекет басшымыз Н.Назарбаев жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі бүкіл әлемді бейбітшілікке жетелейді», - дейді Есілбай Қадыралин.

Соңғы жаңалықтар