«Әлем. ХХІ ғасыр»манифесі адамзатқа төнген қауіпті алдын алудың алғышарты болып табылады - Ғ.Төлеғұл

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі адамзатқа төнген қауіпті алдын алудың алғышарты болып табылады.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл осындай пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Елбасы Н.Назарбаев АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде бүкіл ғаламшарымызға төнген қауіпті тағы бір рет ескертіп, онымен күресу керектігін ғана емес, жолдарын да, қандай әрекет ету қажеттігін де тайға таңба басқандай түсіндіріп берді.

«Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні әлемді жалмаған дағдарыс пен дін мен жерді сылтау етіп оқтын-оқтын әр елде тұтанып, тіпті, кейбірі өршіп бара жатқан соғыс ошақтары бейбітшілік жайлаған елде өмір сүріп жатқан біздерді де қатты алаңдатып отыр.  Елімізде соғыс болмаса да, кезінде КСРО-ның ядролық стратегиялық объектісі болған Семей полигонында ядролық және термоядролық жарылыстардың зардабын әлі тартып жатқан жайымыз бар. Осы радиациялық әсер аймағында тұратын адамдар азап шегіп, бірі мүгедек болып қалса, екіншісі айықпас дертке шалдықты. 40 жылға созылған бұл жарылыстардың зардабы ұшан-теңіз.

«Ел қадірін көрген біледі, жер қадірін жүрген біледі» демекші, Қазақстан жаппай қырып-жою қаруының адамзатқа, оны иемденген мемлекетке жақсылық, абырой әкелмейтінін біледі.

Дүниежүзінде алғашқылардың бірі әрі бірегей болып одан өз еркімен бас тартуы, ядролық және бактериологиялық қаруларды сынау алаңын жабуы өзгеге үлгі боларлықтай.

Алайда, оған бақайшағына дейін қаруланған мемлекеттер құлақ асар емес. Қарулы қақтығыстар жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқан елдерде емес, керісінше, он қаруын сайлап алған мемлекеттерде  тұтануда. Сондықтан, бұл мемлекеттер бір сәт ойланып, жан-жағына бажайлап қарағаны абзал. Осы орайда, Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі сөзсіз адамзатқа төнген қауіпті алдын алудың алғышарты болып табылатыны сөзсіз», деді Ғ.Төлеғұл.

Соңғы жаңалықтар