Әлем халқының жалпы байлығы рекордтық - 280 трлн долларға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен 12 айда әлем халқының жалпы жиынтық байлығы 6,4%-ке өсіп, 2012 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетті. 

Global Wealth Report 2017 порталы 14 қарашада ғаламшар халқының жалпы байлығы 280 триллион долларды құрайтынын хабарлады.

Есепті әзірлегендердің айтуынша, Жер халқының байлығы, оның халық санына қарағанда айтарлықтай қарқынмен өскен. Сондықтан да Жердің кәмелетке толған тұрғындарының жан басына шаққандағы материалдық әл-ауқаттылық көрсеткіші 56,5 мың долларды құрап отыр. Бұл - рекордтық нәтиже.

Сонымен қатар соңғы жылдары ғаламшардағы байлық бөлінісі арасындағы айырмашылық та артып келеді.

Сарапшылардың есеп-қисабына қарағанда, Жердегі ең бай адамдардың 1%-і - ғаламшардағы байлықтың 50,1%-інің иесі. 2000 жылдардың басында бұл көрсеткіш 45,5%-ті құраған болса, 2006-2008 жылдары 42,5%-ке төмендеген еді.

Credit Suisse сарапшылары алдағы бес жылда әлем халқының байлығы тағы да артып, 2022 жылға қарай 341 трлн долларға жететіндігін болжап отыр. 

Соңғы жаңалықтар