Әлем халқының төрттен бірінде су тапшылығы өршіп тұр - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы он жылда әлем бойынша ауыз суға тапшылығының көрсеткіші өсті. Судың жетіспеушілігі мен экстремалды ауа райы Таяу Шығыс пен Үндістанда осы мәселеге қатысты шиеленісті күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Автордың айтуынша, соңғы он жылда суға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары алдыңғы онжылдыққа қарағанда екі есе артқан. Бұл туралы Калифорния ғалымдары зерттеу жүргізді.

«Бұл тенденция халық санының артуы, экстремалды ауа райы, климаттық дағдарыс нәтижесінде пайда болған алаңдаушылықты суреттейді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, 1980 жылы құрылған база судың қару немесе шиеленіс құралы, тіпті әскери триггерге айналған кездері болғанын байқауға болады.

«Мысалы, былтыр маусым айында Украинада Горловака су құбырына шабуыл жасалып, 3 млн адамның суға қолжетімділігі кеміді, 2017 жылы Үндістанда суға қатысты наразылықта бес фермер атылды, 2012 жылы Батыс Папуада су цистерналары атқыланды. Өткен онжылдықта суға қатысты қастандық оқиғалары Ирак, Йемен, Африкадағы Сахеля ауданында да болды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, Әлемдік ресурстар институтының ғалымдары әлем халқының төрттен бірі тұратын 17 мемлекетте су тапшылығы өршіп тұрғанын айтқан.




Соңғы жаңалықтар