Әлем елдерінің көбі бізді вакцина шығарады деп күткен жоқ – Ералы Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вакциналау шарасына 12 мыңнан астам маман атсалысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орнбасары Ералы Тоғжанов Медицина қызметкерлері күніне арналған кездесуде айтты.

«Бүгін бүкіл әлем вакцинация ғана үйреншікті өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Елімізде халықты вакциналау бойынша ауқымды науқан жалғасып жатыр. Коронавирусқа қарсы иммундау науқанына 12 мыңнан астам медицина қызметкері атсалысып жүр. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының коронавирусқа қарсы вакцинаның бес түрін әзірлеудегі еңбегін ерекше атап өткім келеді», - деді Ералы Тоғжанов.

Ол Қазақстанның өз вакцинасын жасауы - көптеген елдер үшін күтпеген жаңалық болғанын атады.

«Іс жүзінде Қазақстан бүгінде әлемде өз вакцинасы бар алты елдің қатарында. Менің ойымша, бұл – еліміздің үлкен жетістігі. Бұл туралы ақпаратқа көптеген елдердің таң қалғанын нақты білемін. Талайлар Қазақстан өз вакцинасын әзірлей алады деп күтпесе керек», - деген Ералы Тоғжанов вакцина әзірлеудің басы-қасында жүрген Күнсұлу Зәкария, Леспек Құтымбетов, Берік Хайруллин, Мұхит Орынбаев, Мархаба Қасенов сияқты мамандарға алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар