Әлем елдері биылғы жаңа жылды қарапайым қарсы алды – БАҚ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемияға байланысты әлем елдері бұрынғымен салыстырғанда Жаңа жылды қарапайым қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Нью-Йоркте алып жарқыраған шар әдеттегідей Таймс-скверді жағалай түсті, бірақ мұнда бар болғаны 15 мың адам жаңа жылды тойлады. Олардың әрқайсысы вакцинация сертификатын көрсетуі керек болды. Өткен жылы осы алаңға 58 мың көрермен келген.
Парижде дәстүрлі отшашу қалалық әкімдіктің бір топ дәрігерлік кеңесшілерінің кеңесімен тоқтатылды, олар қазір қала орталығында көп адамдарды жинау тым қауіпті деп санайды.
Билік қазан айында оның болмайтынын хабарлағанымен Лондонда мерекелік отшашу өтті. Нәтижесінде тұрғындарды қала орталығына бармай, не болып жатқанын теледидардан көруге шақырды. Түн ортасында Би-би-си эфирде британ астанасының әртүрлі бөліктеріндегі отшашулар мен дрондармен түсірілген түрлі-түсті шоу көрсетті.
Сонымен қатар 2017 жылдан бері алғаш рет Жаңа жылдың басталуы Британ парламентінің үстіндегі атақты сағат мұнарасының қоңырауы Биг Беннің соғуымен ерекшеленді. Сағаттарды жөндеу төрт жылдан астам уақытты алып, британдық қазынаға рекордтық 80 миллион фунт (шамамен 110 миллион доллар) шығын әкелді.
Тұрғындарға төрт адамнан көп топтасып жиналуға тыйым салынған Нидерландыда билік карантиндік шараларға қарамастан Амстердамның орталық алаңына келген бірнеше мың адамды алаңнан шығаруға тырысты.
Мадридтің орталық алаңында Жаңа жылды 7 мың адам тойлады - бұл әдетте жиналатын халықтың жартысы. Түн ортасына дейін көрермендер сағаттың әр соғуымен бір жүзім жеді.
Дубайда қаланың 29 жерінде бірден 36 мерекелік отшашу болды.


Соңғы жаңалықтар