Әлем экономикасын қалпына келтіру үшін бес жыл керек – Дүниежүзілік банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індеті салдарынан болған дағдарыстан кейін әлем экономикасын қалпына келтіруге бес жылға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кармен Рейнхарт мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Карантинге байланысты қойылған шектеулер алынғаннан кейін жедел қалпына келу процесі басталады, бірақ толық қалпына келтіру үшін бес жылға жуық уақыт қажет болады», - деді Кармен Рейнхарт.

Сондай-ақ маманның айтуынша, пандемиядан туындаған дағдарыс кей елдерде ұзаққа созылып, теңсіздік мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Себебі дағдарыстан бай елдерге қарағанда кедей елдер көбірек зардап шегеді.

Кармен Рейнхарт 20 жылда алғаш рет дағдарыстан кейін әлемдегі кедейлік деңгейінің артатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар