+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Әлем диалогтың жаңа форматтарын іздей бастады – Дариға Назарбаева

2021 жылғы 16 қыркүйек 13:41
Бөлісіңіз:
Әлем диалогтың жаңа форматтарын іздей бастады – Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шынайы тәуелсіздік пен егемендік ұлттың бәсекеге қабілетті медиаконтент жасай алуымен өлшенеді. Бұл пікірді Еуразиялық Медиа форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева XVII форумның ашылуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелде қазақтілді қанша БАҚ жұмыс істейді Нұртөре Жүсіп шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды Шетелде қазақша шығатын БАҚ ассоциациясы құрылды

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы БАҚ-тың экономика мен қоғамдық өмірдегі рөлін бағалау үшін жақсы себеп болып отыр. Жаһандық ақпараттық орта мемлекеттік шекаралармен сәйкесе қоймайды, ұлттық және мәдени егемендікке айтарлықтай қауіп төндіріп келеді. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз – мызғымас құндылықтар. Бүгінде олардың қорғалуы мен дамуы аудитория үшін, көрерменнің назары мен сенімі үшін жаһандық бәсекелестікке ауысты. Мен қазіргі әлемде шынайы тәуелсіздік пен егемендік – ұлттың бәсекеге қабілетті медиаконтент жасай алуын білдіреді деп есептеймін», - деді Дариға Назарбаева XVII Еуразиялық медиа форумның ашылуында.

Д. Назарбаева бұл мәселенің Қазақстан үшін де сын-қатер болып отырғанын айтты.

«Өткен екі жылда адамзат бұрын-соңды болмаған сынақтарға тап болды. Коронавирус пандемиясы және онымен байланысты экономикалық-әлеуметтік катаклизмдер әлемді танымастай өзгертіп жіберді, барлық заманауи қоғамдардың, барлық әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйелерінің терең проблемалары айқын көрінді. Халықаралық деңгейде мемлекетаралық қатынастардың тұтас жүйесінің беріктігі сыналып келеді, негізгі сын-қатер факторы – сенімнің жоғалуы болды», - деп атап өтті спикер.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, мемлекетаралық, халықаралық диалог пен сенім тетіктерінің әлсіреу процесі бұрын басталған, бірақ пандемия бұл процесті жеделдетіп, оған түбегейлі жаңа өлшем берді.

«Бұл - әрине, өте алаңдатарлық үрдіс. Кез келген сенім әңгімеден, өзара сыйластықтан басталады. Қазір әлем диалогтың жаңа форматтары мен жаңа формаларын іздей бастағанын көріп отырмыз. Біз Еуразиялық медиа форумның бұл процеске өз үлесін қосатынына қуаныштымыз. Бірнеше жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Таптаурындарға қарамастан Батыс пен Шығыс Қазақстан жерінде, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінде және басқа да алаңдарда кең диалог орнату үшін тұрақты түрде бірігеді» деген еді. Бізде айтылатын, талқыланатын нәрсе көп, айырмашылықтарды емес, конструктивті өзара әрекеттесу үшін оның алдын алу жолдарын іздеу керек. Біздің форумның ұраны «2021: әлем жаңа құндылықтар іздейді» деп аталуы тегін емес. Еуразиялық медиа форум бүкіл әлемнің қоғамдық пікір көшбасшыларына тәуелсіз Қазақстанды көруге және білуге, біздің елімізді сүюге мүмкіндік берді», - деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразия медиа форумының жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT