Әлем чемпионы титулынан бас тартқан Головкинге міндетті қарсылас белгіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады.

«Спорт Шредингера» Telegram-каналы Г.Головкиннің адвокаты Джон Хорневердің сөзін келтіреді.

«Геннадий спорттағы мансабын аяқтап жатқан жоқ. Ол фанаттар үшін барлық мүмкіндіктер арасынан ең жарқын жекпе-жек табуға тырысуда. IBF белгілеген міндетті қарсылас Фалькаомен келіссөз мерзімі келесі аптаның соңында аяқталады. Бірақ Геннадий ол уақытқа дейін күтпеуді шешті. Бұл айқас ақыры іске аспайтын болғандықтан Геннадий титулды босатып, қысқа уақытта басқасын ұйымдастыру мүмкіндігін беруді шешті.

Еске сала кетейік, әуелде Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы айқасып, IBF титулын қорғауы тиіс еді, бірақ кеше GGG-дың бұл титулдан бас тартқаны белгілі болды.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар