+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Әлем чемпионы титулдарын жеңіп алған Головкин рейтингте төмен сырғыды

2019 жылғы 7 қазан 18:47
Бөлісіңіз:
Әлем чемпионы титулдарын жеңіп алған Головкин рейтингте төмен сырғыды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) екі дәрежелі орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын жеңіп алды, алайда оның жеңісі Boxrec.com порталының көңілінен шыққан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейлік портал Головкиннің «Канелоны» жеңгені жайлы дәлелдер келтірді Головкин - Альварес жекпе-жегін 2020 жылға жоспарлап отырмыз - DAZN Головкин – «Канело» үшінші айқасы қашан ұйымдастырылуы мүмкін

Геннадий Головкин Нью-Йоркте төрешілердің шешімі бойынша 115-112, 115-112, 114-113 есебімен украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңген еді. Алайда BoxRec 37 жастағы қазақстандық боксшыны бұл айқасынан кейін балдық-рейтингтік жүйеде төмен түсіруді жөн көрді. Геннадий орта салмақтағы боксшылардың арасында екінші орында қалды, алайда BoxRec-те жинаған ұпайлары 1422-ден 1277-ге түсіп кетті. Ал Деревянченко керісінше 493,7 ұпайға ие. Оның GGG-мен жұдырықтаспас бұрын ұпайы 332,4 болған еді.

Boxrec.com сайтында мексикалық боксшы Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО) алда келе жатыр. Боксшы WBC-тің «франчайзингтік» чемпионы болып табылады, сондай-ақ WBA Super белдігіне ие. Сайттағы оның ұпай саны - 1637.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы - Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT