Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан 2 бөлмелі пәтер берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат-Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістаннан екі бөлмелі пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістанды түлеткен» атты жыл қорытындысына арналған іс шарада облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға пәтер кілтін табыс етті. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан. «Алда Түркістанға қоныс аударамын. Осында жаттығамын. Жаңадан құрылып жатқан «Тұран» бокс клубында жаттығу жасап, әрі жастарға шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отырмын», - дейді Сәкен Бибосынов.

Айта кетейік, Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Сәкен Бибосынов өміріндегі жақсы жаңалықтар жайында біздің агенттікке сұхбат берген болатын.


Соңғы жаңалықтар