Әлем чемпионы атанған Елеусіновтің есімі отандық бокс тарихына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) аргентиналық Хуан Эрнан Леальді (15-2, 4 КО) жеңіп, өз есімін отандық бокс тарихына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Елеусінов кәсіпқой бокста әлем чемпионы титулын жеңіп алған қазақстандық 5-інші боксшы болып отыр. Д. Елеусінов Х.Леальмен өткен жекпе-жекте жартылай орта салмақта IBO-ның вакантты белдігін жеңіп алды.

Бұған дейін Қазақстан боксшылары арасынан әлем чемпионы атанғандар: Василий Жиров (38-3-1, 22 КО), Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО), Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) және Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО). Олардың арасында бүгінде кәсіпқой бокста мансабын жалғастырып жатқаны – 39 жастағы Геннадий Головкин. Ол орта салмақтағы IBF және IBO белдіктеріне ие. Оның алдында Головкинге WBA Super және WBC белдіктері тиесілі болған еді.

Еске салайық, кеше елордада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда 14 қазақстандық боксшы өнерт көрсетті. Кештің басты айқасы Данияр Елеусінов пен Хуан Эрнан Леаль арасында өтті. 12 раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен Елеусіновтің жеңісімен аяқталды.

Сондай-ақ Ержан Залилов Ескендір Харсанмен жұдырықтасып, Қазақстан чемпионы атағына ие болды.

Өзге нәтижелер:

1. Иван Дычко (Қазақстан) Александр Устиновты (Ресей) жеңді.

2. Елхан Табынбаев (Қазақстан) Эльмар Абдуллаевты (Әзербайжан) жеңді.

3. Ақниет Әлімбай (Қазақстан) Зайнобиддин Собировты (Өзбекстан) жеңді.

4. Айдар Әмірзақов (Қазақстан) Дильшодбек Исроиловты (Өзбекстан) жеңді.

5. Асқат Жантұрсынов (Қазақстан) Сурат Гараевтан (Әзербайжан) жеңіліп қалды.

6. Сапарбай Айдаров (Қазақстан) Андрей Шеметовты (Украина) жеңді.

7. Айдар Шәрібаев (Қазақстан) Шохрух Абдиевті (Ресей) жеңді.

8. Дәулет Дәукенов (Қазақстан) Эльдорбек Сайдовты (Өзбекстан) жеңді.

9. Ангелина Лукас (Қазақстан) Светлана Василевскаяны (Украина) жеңді.

10. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) Али Маммадовты (Әзербайжан) жеңді.

11. Жанқош Тұраров (Қазақстан) Абдумонем Саидты (Мысыр) жеңді.

Бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді.







Соңғы жаңалықтар