Әлем чемпионатының үздік футболшысы кім?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич Ресейде өткен Әлем чемпионатының үздік футболшысы атанды. Осылайша, ол турнирдің «Алтын добына» ие болды. «Күміс доп» Бельгия капитаны Эден Азарға бұйырса, «Қола допты» Франция шабуылшысы Антуан Гризманн алды.

Әлем чемпионатының ең үздік жас ойыншысы болып франциялық Килиан Мбаппе танылды. Ол Ресей стадиондарында 4 гол соқты. Оның біреуін финалда Хорватия құрамасының қақпасына енгізді.

Турнирде 6 гол соққан ағылшын Харри Кэйн үздік шабуылшы атанса, үздік қақпашыға берілетін «Алтын қолғап» бельгиялық Тибо Куртуаның еншісінде кетті.

Еске салайық, бүгін Әлем чемпионатының финалында француздар Хорватия құрамасын 4:2 есебімен ұтты.

Соңғы жаңалықтар