Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандықтар кімдермен жұдырықтасады

Фото:
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда уақытымен сағат 15:00- де басталатын күндізгі сессияда А рингі үшінші жұпта Серик Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортамен шықса, сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен қолғап түйістірсе, Б рингінде оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен кездеседі.

Ал, сағат 19:00- де басталатын кешкі сессияда Б рингінде алғашқы жекпе-жек Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратаке арасында өткізілсе, А ригінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.


Соңғы жаңалықтар