Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 367.06 EUR 416.17
RUB 5.56 CNY 52.84
Jańalyqtar

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаевқа пәтер берілді

2018 жылғы 5 қараша 20:24 305
Бөлісіңіз:
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаевқа пәтер берілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатынан жүлдемен оралған Нұрислам Санаевқа бүгін 2 бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәнерлеп сырғанау: Элизабет Тұрсынбаева Мәскеу турнирінде үздік алтылыққа ілікті «Ертіс» ойыншысы жарақат алып, есінен танып қалды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев еркін күрес балуаны, 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаевпен кездесіп, жеңісімен құттықтады.

"Біз Будапештте өткен Әлем чемпионатындағы жетістігіңді мақтан тұтамыз. Бұл еліміз үшін тарихи оқиға. Елбасы саясатының арқасында халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту артып, спорт нысандары қолжетімді болып келеді. Спортшылардың жетістігі жас ұрпақтың салауатты өмір салтын таңдауына септігін тигізеді", - деді  өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.
Кездесу кезінде облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атынан Ақтөбе қаласының Батыс-2 тұрғын үй алабынан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаевқа пәтер берілді

Еске салсақ
, Нұрислам Санаев олимпиадалық салмақта Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған Қазақстаннан шыққан алғашқы еркін күрес балуаны атанды. Ол 2020 жылы Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT