Әлем чемпионатының ¼ кезеңінде қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары кім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бокстан қыздар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан спортшыларының ¼ финалда кездесетін қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты-2022-нің ширек финалында Қазақстан атынан 6 боксшы шығады: Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (52 кг), Дина Жоламан (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Валентина Хальзова (70 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг).

¼ финал:

48 кг - Алуа Балқыбекова — Ниту (Индия)

52 кг - Жайна Шекербекова — Олена Савчук (Италия)

54 кг - Дина Жоламан — Елена Зекич (Сербия)

57 кг - Карина Ибрагимова — Микаэла Уолш (Ирландия)

70 кг - Валентина Хальзова — Кэй Скотт (Австралия)

81 кг - Гүлсая Ержан — Габриэле Стонкуте (Литва)

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлемдік дода 9 мамырда басталған болатын. Ел намысын қорғауға 12 боксшы аттанды.

Өкінішке қарай, Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шығып қалды.

Финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.

Қазақстан аумағында тікелей көрсетілімді «Qazsport» телеарнасы қамтамасыз етіп отыр.


Соңғы жаңалықтар