Әлем чемпионатының финалында Алуа Балқыбекова ринг иесімен жекпе-жекке шығады

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Алуа Балқыбекова Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (48 келі) түркиялық Айше Чагирирмен қолғап түйістіреді.

Аталған жекпе-жек әлем чемпионаты финалдық ойындарының алғашқысы болады.

Жекпе-жек елорда уақытымен 21:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, жартылай финалда қарсыластарына жол берген Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Ал Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалдағы жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберіп, жартылай финал жолдамасынан тыс қалды.

Сондай-ақ одан бұрын Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жарыс жолынан шыққан еді.

Аталған турнир 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қазақстан құрамасы қазірге дейін барлығы 51 медаль еншіледі. Оның 14-і алтын, 15-і күміс, 22-і қола.


Соңғы жаңалықтар