Әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы қыз медальға ілікті

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан Жайна Шекербекова жартылай финалға шықты. Осылайша 1/2 финалға жолдама алған қазақстандық боксшылардың саны екеуге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі додада Жайна Шекербекова (52 келі) Олена Савчукпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілерге жеңген боксшыны қиынға соқты. Нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі қазақстандық боксшының жеңгенін атап өтті.

Осылайша Жайна Шекербекова жартылай финалға жолдама алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын мұндай жетістікке ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі) қол созған еді.

Айта кетсек, жарыстың аталған сатысына жеткен боксшы кем дегенде қола медальге қол жеткізеді.

Енді ел құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалда сынға түседі.

Әлем чемпионаты Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатыр. Дүбірлі дода 20 мамырда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар