Әлем чемпионатында өзге елдің намысын қорғап жүрген қазақ боксшылар

None
Жэньмин Жибао
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбектан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өзге елдің туы астында жұдырықтасып жатқан ұлты қазақ боксшылар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізде болса, кеше қытай құрамасындағы Тоқтарбек Таңатхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Opennews.kz

Қытайдың бокстан ұлттық құрамасында тағы бір қазақ боксшысы Данабек Байғазы есімді қандасымыз шаршы алаңға шыққаны белгілі болды.

Ол Ташкенттегі әлем біріншілігінде алғашқы кездесуін сәтті бастап, хорватиялық боксшы Лука Пратьячичті ұтып, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Видеодагн алынған кадр

Бүгін Байғазы армениялық Давид Чалоянмен жұдырықтасып, әлемнің күміс жүлдегерін жеңді.

Сондай-ақ, бүгін Өзбекстан құрамасының сапынан қандасымыз Руслан Абдуллаев шаршы алаңға шығып, екінші айқасын да қарсыласын мерзімінен бұрын ұтты.

Ол бірінші айқасында Пуэрто-Рико спортшысын да жарыс жолынан шығарған болатын.

Olympic.uz

Руслан Абдуллаев - 2022 жылғы Азия чемпионатының чемпионы. Осы әлем біріншілігінде 63,5 келі салмақтағы алтынға басты үміткердің бірі.

Ташкент төрінде тағы бір қандасымыз Бекнұр Қали Моңғолия елінің намысын қорғауға келген.

Facebook/Aniq Kokenayuli

Өкінішке қарай, ол жарақатына байланысты алғашқы жекпе-жегіне шықпай қалды.

Сонымен қатар Бахрейн туы астында тағы бір қандасымыз Азат Махметов сынға түсіп жатыр.

Ол өткен жылдан бері 51 келі салмақ санатында аталмыш елдің намысын қорғап жүр.

Қазақстан бокс федерациясы

Соңғы жаңалықтар