Әлем чемпионатында Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды

None
Фото: olympic.kz
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен кездесу өткізді.

Жекпе-жек барысында түркиялық боксшының басымдығы байқалып тұрды. Қазақстандық спортшы қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Әлем чемпионатында ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Алуа Балқыбекова (48 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифке есе жіберді.

Енді ел құрамасынан жеті боксшы алдағы күндерде шаршы алаңға шығады.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар