Әлем чемпионатында қазақстандық 6 боксшы ширек финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бүгін ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылардың саны алтыға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дина Жоламан (54 келі) канадалық Скарлетт Дельгадомен жекпе-жек өткізді.

Төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Осылайша ел құрамасынан алтыншы боксшымыз 1/4 финалға шықты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) ширек финалға жолдама алды.

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі) мен Надежда Рябец (75 келі) жарысты ерте аяқтады.

Әлем чемпионаты 20 мамырда мәреге жетеді.


Соңғы жаңалықтар