Әлем чемпионатынан бас жүлдемен оралған петропавлдық би ұжымының жетекшісі марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавлдағы «Sensitive» бал биі ансамблінің көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Sensitive» би ансамблi бүкiл әлемдi бағындырды. АҚШ-та өткен сахналық өнерден әлем чемпионатының жеңiмпаздары елге оралды. Ансамбль ұжымына әлемдiк аренадағы зор табысы үшiн алғыс айтамын. Ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi Ольга Ростовщикова «Мәдениет саласының үздiгi» төсбелгiсiмен марапатталды», - дейдi Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов.

Еске салсақ, Петропавлдың «Sensitive» бал биі ұжымы АҚШ-тың Калифорния штатында өткен әлем чемпионатына қатысып, гран-приді жеңіп алды.


Фото: gov.kz






Соңғы жаңалықтар