-
ОНЛАЙН:
-
Әлем чемпионаты: Жұлдыз Ешімова қола медаль үшін белдеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Будапештте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 53 келідегі Жұлдыз Ешімова жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өкінішке қарай, әйелдер күресінің өкілдері әзірге жүлдемен қуанта алмай отыр.
Кешегі жарыс күнінде қазақстандық балуан қыздар іріктеу айналымынан аса алмады. Тек 53 келідегі Жұлдыз Ешімова ғана жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды.
Жұлдыз 1/8 айналымда америкалық Сара Хильдебрандтан 1:5 есебімен ұтылған болатын. Алайда, АҚШ балуаны финалға жолдама алып, Ешімова тағы да жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.
Ешімованың жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы - әзербайжандық Анжела Дороган.
Кеше кілемге шыққан Эльмира Сыздықова (76 келі) жұбаныш белдесуінде ұтылды. Ал Валентина Исламова (50 келі), Эмма Тисина (57 келі) және Аяулым Қасымова (62 келі) алғашқы айналымдарда қарсыластарына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, аталған әлем чемпионатын алдымен еркін күрес шеберлері бастаған болатын. Онда қазақстандық балуандар жарысты жалғыз күміс медальмен аяқтады.
- Футзал: «Қайрат» ойыншысы 2020 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атанды
- Теннис: Зара Дәркен Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілді
- Футзал: Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу кейінге шегерілді
- Хоккей: «Барыс» өз айдынында «Трактордан» жеңіліп қалды
-
Хоккейден «Қазақстан кубогы» алғаш рет үш қалада өтеді
-
Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам