Әлем чемпионаты: жартылай финалға қазақстандық үшінші боксшы шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Фариза Шолтай жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан Фариза Шолтай (81 келі) ширек финалда кениялық Элизабет Адиамбо Андиегомен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын тізе бүктірді. Осылайша, жартылай финалға шықты.

Сондай-ақ, ел құрамасынан тоғыз боксшы ширек финалда сайысқа түсуге мүмкіндік алған еді.

Қазірге дейін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі) жартылай финалға шықты.

Сондай-ақ, Карина Ибрагимова (57 келі) жарысты жалғастырады.

Ал, Мәдина Нұршаева (70 кг) бразилиялық Барбара дос Сантосқа жол беріп қойды.


Соңғы жаңалықтар