Әлем чемпионаты: Жағажай футболынан ҚР құрамасы Италиядан жеңілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы осы уақытта Мәскеу қаласында өтіп жатқан 2019 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Италия құрамасына 12:4 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында гол соққандар - Баянбек Мұралинов, Роман Богданов, Станислав Макагон және Асқар Әжікенов.

Италия — Қазақстан 12:4 (3:0, 1:4, 8:0)

Голдар: Симоне Маринай, Паоло Пальмачи — 3, Фабио Скиаччиа, Алессио Фрайнетти, Франческо Корозинити, Габриэлле Гори — 3, Дарио Рамачиотти, Джуниор Джозеф Джентилин — Баянбек Мұралинов, Роман Богданов, Станислав Макагон, Асқар Әжікенов.

Ойын барысында Абылай Еролы мен Баянбек Мұралинов ескерту алды.



Соңғы жаңалықтар