Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшылар жеңістері жөнінде пікір білдірді

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына шыққан қазақстандық үш боксшы жеңісі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекпе-жек өте қиын болды. Ыңғайсыз қарсыласпен шаршы алаңға кездестім. Нәтижесінде көздеген мақсатыма жеттім

, - деді бүгін ел құрамасынан алғашқы болып жартылай финалға шыққан Алуа Балқыбекова (48 келі). Ол күндізгі сеесияда түркиялық Эриван Барутты орта жолда қалдырды.

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сәттілік серік болып, мен жеңіске жеттім. Өте қуаныштымын. Қолдау білдірген барлық жанкүйерге рақмет аайтамын

, - деді жарысты жалғастыруға мүмкіндік алған Карина Ибрагимова (57 келі).

Ел құрамасынан жартылай финалға үшінші жолдамаға Фариза Шолтай (81 келі) ие болды.

Қазақстандықтарға жалынды сәлем жолдаймын. Барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Қарсыласым оңай болған жоқ. Физикалық тұрғыдан мықты екенін байқатты. Африкалық спортшылар қашанда дайындығы жоғары екенін көрсетеді. Сондықтан, қарсыласыммен жекпе-жек тартысты өтті. Жеңіс біз жақта болды. Алдағы кездесуге күш саламын. Алдағы қарсыласыммен 2019 жылы кездескен едім. Ол жолы жеңіске қарсыласым жетті. Енді қарымта қайтаруға тырысамын

, - деді Фариза.

Ал, кешкі сессияда Жайна Шекербекова (54 келі) колумбиялық Марсела Ариаспеге, Римма Волосенко (60 келі) қытайлық Веньлу Янге есе жіберіп қойды.

Енді Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сынға түседі.


Соңғы жаңалықтар