Әлем чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлеттердің жарыс кестесі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Ашхабадта ауыр атлетикадан басталатын Әлем чемпионатында Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін аталмыш байрақты додаға қатысатын ҚР құрамасының мүшелері туралы жазған едік. Қазақстан намысын 20 ауыр атлет қорғайды.1-10 қараша аралығында өтетін Әлем чемпионаты 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ең алғашқы лицензиялық старты болып табылады.

Бүгін ҚР Ауыр атлетика федерациясы ел спортшылары қай күндері өнер көрсететінін мәлім етті. Спортшылардың жарысқа шығу кестесі төмендегідей:

2 қараша, жұма

сағат 20:55, Арли Чонтей, 55 келіге дейін, А тобы


3 қараша, сенбі

сағат 11:00, Фархад Харки, 67 келіге дейін, В тобы

сағат 20:55, Зүлфия Чиншанло, 55 келіге дейін, А тобы


4 қараша, жексенбі

сағат 18:25, Сәуле Сәдуақасова, 59 келіге дейін, А тобы

сағат 20:55, Нижат Рахимов, 73 келіге дейін А тобы


5 қараша, дүйсенбі

сағат 13:00, Айдар Қазов, 81 келіге дейін, В тобы

сағат 15:25, Әсем Садықова, 64 келіге дейін, В тобы

сағат 15:25, Карина Горичева, 64 келіге дейін, В тобы


6 қараша, сейсенбі

сағат 13:00, Екатерина Столяренко, 71 келіге дейін, В тобы

сағат 15:25, Денис Уланов, 89 келіге дейін, В тобы

сағат 18:25, Надежда Лихачева, 71 келіге дейін, А тобы


7 қараша, сәрсенбі

сағат 15:25, Екатерина Быкова, 76 келіге дейін, В тобы

сағат 18:25, Рүстем Сыбай, 96 келіге дейін, А тобы


8 қараша, бейсенбі

сағат 15:25, Раушан Мешитханова, 81 келіге дейін, В тобы

сағат 20:55, Александр Зайчиков, 102 келіге дейін, А тобы

сағат 20:55, Илья Ильин, 102 келіге дейін, А тобы


9 қараша, жұма

сағат 11:00, Айзада Мүптилда, 87+ келі, С тобы

сағат 11:00, Александра Аборнева, 87+ келі, С тобы

сағат 15:25, Ибрагим Берсанов, 109 келіге дейін, В тобы


10 қараша, сенбі

сағат 09:00, Елдос Сайлау, 109+ келі, С тобы


Еске сала кетсек, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлет Илья Ильиннің Түрікменстан астанасында өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатына қатыспайтынын жазған еді. Sport.kz сайтына сұхбат берген спортшының өзі омыртқасындағы жарақатына байланысты бұл жарысқа бармайтынын айтты.

Кейін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников Ильин биылғы чемпионатқа қатыспайтынын растады.

Соңғы жаңалықтар