Әлем чемпионаты: Қазақстандық 9 боксшының жүлдегер атануға мүмкіндігі бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордың Сибур аренасында жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтуде. Бүгін еліміздің намысын екі боксшы қорғайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Қазақстан Бокс федерациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін шаршы алаңға 60 келі салмақ санатында жұдырықтасатын боксшымыз Санатәлі Толтаев шығып, өзбекстандық Билобек Мирзарахимовпен жұдырықтасады. Ал 75 келіде Бек Нұрмағанбет австралиялық Джек Гиппен айқасатын болады.

Айта кетерлігі, кеше қазақстандық Евгений Павлов (49 келі) кубалық Жоржи Гринанға есе жіберіп қойған еді. Ал Айдос Арапов (52) ресейлік Николай Матвеевті, Саматәлі Толтаев (56 келі) ирландтық Джеймс Куланды жеңген болатын.

null  

Осылайша, бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалса, 9 боксшымыз алдағы уақытта жүлделі орындар үшін шаршы алаңға көтерілетін болады. Әлем чемпионатының жартылай финалы 25 қарашада, ақтық кездеулер 26 қарашада өтеді.

null  

Жалпы, бұл жолғы әлем чемпионатына әлемнің 62 елінен 351 жас боксшы келіп отыр. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан боксшылары барлық салмақ санатында өнер көрсетуде.

null  

Соңғы жаңалықтар