Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Едіге Қасымбек күміс медаль еншіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл - қазақстандық балуандардың әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Нұрмұхамед Тұрдалы (45 келі), Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) және Самир Дурсунов (92 келі) жұбаныш белдесулерінде бағын сынайды.

Еске салсақ, әлем чемпионатында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен жүлделер сарапқа салынды.

«Өткен жылы Италияда әлем чемпионатында еркін күрес балуандары Дарын Әскербек (ШҚО) пен Камиль Куруглиев (Маңғыстау облысы) алтын жүлде алса, грек-рим күресінен Юсуп Ашрапов (Жамбыл облысы) пен Арсен Жұма (Ақтөбе облысы) қола жүлдені қанжығаға байлаған болатын», - деді Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы спандияр Есенжолов.


Соңғы жаңалықтар